Театр және кино актрисасы
Зарина
Кармен
2011 жылдан бері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы. ŞAM театрында «№37» спектаклінде Зейнепті сомдайды: осы рөлі үшін XXIX Республикалық театр фестивалінде «Үздік әйел бейнесі» атанды.
- Мамандығы
- Театр және кино актрисасы
- Туған күні
- 1989 жылғы 9 ақпан, Алматы
- Қаласы
- Алматы, Қазақстан
Марапаттар мен атақтар
- XXIX Республикалық театр фестивалі (2023): «Үздік әйел бейнесі», «№37» спектакліндегі Зейнеп рөлі үшін
- Қазақстан Жастар Одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығы, «Үміт» номинациясы
- «Құрмет» ордені
Білімі
- 2004–2007: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі, музыкалық театр актрисасы, үздік диплом
- 2007–2011: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино және театр актрисасы», үздік диплом; Лондондағы өнер мектебінде қосымша білім алды
- 2022–2024: Т.Жүргенов атындағы академия, өнертану магистрі
Еңбек жолы
- 2011 жылдан бері: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы
- 2022 жылдан бері: ŞAM театрының актрисасы
Театрдағы рөлдері
- А.Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» – Ирина
- А.Чехов «Сүйікті менің ағатайым» – Елена Андреевна
- М.Әуезов «Қилы заман» – Бәкей
- А.Д.Эннери, Ф.Дюмануар «Дон Сезар де Базан» – Маритана
- Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Зарипа
- С.Асылбекұлы «Империядағы кеш» – Сәния
- И.Вовнянко «Қаза мен жаза» – Клеопатра
- А.Володин «Қоштасқым келмейді» – Катя Лаврова
- Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия
- С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бәтес
- Р.Куни «Мани - мани» – Бетти Джонсон
- Ұжымдық жұмыс «Құйын» – 10 кейіпкер
Фильмография
- 2006 · Кек
- 2013 · Тағдыр
- 2016 · Үй болу қиын
- 2017 · Бір сен үшін
- 2021 · Отыздан асып барамын
- 2021 · Жәңгір хан
- 2021 · Ахмет. Ұлт ұстазы
- 2022 · Первая отрицательная
- 2022 · Үміт
- 2023 · Міржақып. Оян, қазақ!
- 2023 · Қорқыт
- 2023 · Келінжан
- 2023 · Еркебай
- 2025 · №37
Спектакльдер мен фильмдердің атаулары түпнұсқа тілінде берілген.
Ынтымақтастық үшін хабарласыңыз
Фильмге, театрға немесе коммерциялық жобаға актер іздеп жүрсіз бе? Бізге жазыңыз, егжей-тегжейін талқылайық.