Мәзір
ҚАЗ · Тіл · Язык · Language
Артқа
Билеттер

Үш есік, бір профиль

Кастинг

ŞAM Casting адамдарды табады, ŞAM LAB оларды дамытады, ŞAM Talents келісім негізінде олардың кәсіби мүддесін білдіреді. Бір экожүйе, үш бөлек уәде, тегін кіру.

Үш есік, үш уәде

Бір адамның бір профилі бар; мәртебесі әр бағытта бөлек белгіленеді. Бір бағыттағы мәртебе екіншісіне автоматты түрде берілмейді: келесі деңгейге тек іріктеу мен қол қойылған құжат арқылы өтеді.

  1. 01

    ŞAM Casting

    Ашық база

    Тіркелген адамдардың базасы, 18+, жыл бойы. Уәде: кастингке, жобаға және ашық іріктеуге шақыра аламыз. Басқа уәде жоқ. Құжат: дербес дерекке келісім. Тегін.

  2. 02

    ŞAM LAB

    Даму бағдарламасы

    Маусымдық құрам, 20 орынға дейін: бағдарлама, тәлімгер, ŞAM жобаларында тәжірибе, продюсерлерге көрсетілім. Іріктеу жылына 1–2 рет, кастинг күні арқылы. Құжат: қатысу келісімі (еңбек шарты емес).

  3. 03

    ŞAM Talents

    Агенттік

    Кәсіби ростер және New Faces желісі; өкілдік — тек шарт бойынша. International — агенттіктің шетел нарығына шығатын арнасы: ағылшынша «Actors from Kazakhstan» каталогы, продюсерлерге жеке қолжетімділікпен ашылады.

Біз адам үшін жұмыс істейміз

Тоғыз қағида

Біз авторлар мен таланттар үшін жұмыс істейміз: ŞAM-мен байланысқан әр адамның есімі, беделі мен құқығы қорғалады. Мақсат — қазақстандық актерлерді Қазақстан, ТМД және шетел продюсерлеріне тез әрі сенімді ұсыну.

  1. 01

    Тіркелу ≠ резидент ≠ өкілдік.

    Әр бағыттың өз уәдесі бар. Келесі деңгейге тек іріктеу мен қол қойылған құжат арқылы өтеді.

  2. 02

    Кіру тегін.

    Өтінім, кастинг, фото, бейне және каталогқа ену — тегін. Біз ешқашан ақы сұрамаймыз. Агенттіктің табысы — тек шарттағы комиссия; жасырын төлем мен қос комиссия жоқ.

  3. 03

    Тек орындайтынды уәде етеміз.

    «Кепілдік», «қабылдау», «ресми резидент» деген сөз жоқ. «Шақыра аламыз», «N орынға дейін», «іріктеу» бар.

  4. 04

    Айтылғанды емес, көргенді жазамыз.

    Дағды тек дәлелімен жазылады, деңгейін команда қояды. Сан тек дереккөзімен шығады.

  5. 05

    Профиль — адамның келісімі.

    Адам соңғы нұсқаны бекітпейінше профиль шықпайды. Сұраса, 48 сағатта алынады.

  6. 06

    Әділ іріктеу.

    Критерий ашық, әр бағалаушы балын талқылауға дейін қояды. Іріктелмеген адам пікір сұрай алады, келіссе базада қалады.

  7. 07

    Шекара мен қауіпсіздік.

    Адам өз шекарасын өзі жазады: жалаңаш көрініс, қауіпті трюк, шаш. Интимдік сахна тек координатормен түсіріледі. AI мен цифрлық көшірмеге бөлек келісім керек.

  8. 08

    Мүдде қақтығысын ашамыз.

    ŞAM-ның өз жобасында агенттік комиссиясы — 0%, ŞAM өз рөлін алдын ала айтады. Талант жағында менеджер тұрады, продюсер жағында — басқа адам.

  9. 09

    Адам еркін.

    Кез келген бағыттан шығуға болады. Агенттіктен — 30 күн ескертумен; құқықтар келісілген бөлініс бойынша қалады.

Мәртебелер

Сайт пен каталог адамды қалай атайды

Төрт жария атау. «Резидент» пен «әртіс» тек қол қойылған құжаттан кейін беріледі.

ŞAM Casting-те тіркелген
Базада; кастингке, жобаға және ашық іріктеуге шақыра аламыз. Басқа уәде жоқ.
ŞAM LAB резиденті
Маусымдық құрамға іріктелген; қатысу келісіміне қол қойылған.
ŞAM LAB түлегі
Бағдарламаны аяқтаған; түлектер желісінде.
ŞAM Talents әртісі
Өкілдік шартына қол қойылған. Шарт болмаса, «Өкілі — ŞAM Talents» деп жазылмайды.

Продюсерлерге

Брифтен түсірілім алаңына дейін

Бәріне бір байланыс; 24 сағат ішінде жауап береміз, дүйсенбі–сенбі. Продюсерге адамның телефоны, нақты жасы мен мекенжайы берілмейді; гонорар сұрау бойынша, бас продюсер бекіткен соң айтылады.

  1. 01

    Бриф

    Түскен күні тіркеледі.

  2. 02

    Шортлист

    Ойнайтын жасы, тип, дағды мен тіл бойынша; бос күн мен жарнамалық қайшылық тексеріледі.

  3. 03

    Келісім

    Адамның «иә» дегенінсіз ешкім ұсынылмайды.

  4. 04

    Self-tape · қайта сынақ

    48–72 сағатта; Алматыдан Zoom арқылы тікелей.

  5. 05

    Ұсыныс · Hold

    Гонорар — бас продюсер мақұлдаған соң; Hold — адам келіскен соң ғана.

  6. 06

    Шарт · түсірілім

    Заң тексеруі, қол қою, түсірілім, шот.

ŞAM Casting

Базаға тіркелу

Жыл бойы ашық, 18+, тегін. Тіркелу — кастингке, жобаға және ашық іріктеуге шақыра аламыз дегенді білдіреді; ŞAM LAB іріктеуі мен агенттіктің өз есігі бар.

ŞAM Casting-те тіркелу

Ең қысқа профиль: толығы тек іріктелгеннен кейін сұралады. Тіркелуді бір апта ішінде растаймыз.

ŞAM ешқашан ақы сұрамайды: өтінім, кастинг, фото мен бейне — тегін. Біреу ŞAM атынан ақы сұраса, жазыңыз: info@shamstudios.kz.

WhatsApp