Театр және кино актері
Сағызбай
Қарабалин
Қазақ театрында қырық жылдан астам еңбек еткен актер әрі режиссер. ŞAM театрында «№37» спектаклінде әке Бахтиярды, The Conference спектаклінде Паскуаль Андерсенді сомдайды.
- Мамандығы
- Театр және кино актері
- Қосымша
- Қоюшы-режиссер
- Туған күні
- 1954 жылғы 12 қазан, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясы
- Қаласы
- Алматы, Қазақстан
Марапаттар мен атақтар
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі
- «Құрмет» ордені
- «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары
- Халықаралық Сыншылар бірлестігінің «Сыншылар жүлдесі»: «Жыл актері – 2022», «Король Лир» спектакліндегі Лир рөлі үшін
- IX Халықаралық «ART-ORDO» театр фестивалі: «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», «Құлагер» спектакліндегі Күреңбай рөлі үшін
Білімі
- 1973–1978: Мәскеудегі Щепкин атындағы жоғары театр училищесі, Г.Н.Дмитриев шеберханасы, драма және кино актері
Еңбек жолы
- 1978: С.Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық музыкалық-драма театрында еңбек жолын бастады, 1992 жылы сол театрдың қоюшы-режиссері болды
- 1997: Махамбет атындағы Атырау облыстық драма театрының қоюшы-режиссері
- 2004 жылдан бері: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері
- ŞAM театры: «№37» және The Conference
Театрдағы рөлдері
- У.Шекспир «Король Лир» – Король Лир
- І.Жансүгіров «Құлагер» – Күреңбай
- Н.Гоголь «Ревизор» – Хлестаков
- Ү.Ғаджыбеков «Аршын Мал Алан» – Велли
- Э.Де Филиппо «Цилиндр» – Аттилио
- Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай
- Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қарабай
- Мольер «Әлін білмеген әлегінде» – Клионт
- Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – Миллер
- Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Орган қарт
- А.Островский «Адам аласы ішінде» – Крутицкий
- Г.Горин «Ұмытыңдар оны...» – Тиссаферн
Фильмография
- 2009 · Бәйтерек
- 2009 · Ағайындылар
- 2011 · Алдар көсе
- 2014 · Слова офицера
- 2018 · Күй-ғұмыр
- 2018 · Қарлығаш ұя салғанда
- 2020 · 60-тан асып барамын
- 2021 · 5:32
- 2022 · Первый отрицательный
- 2022 · Время патриотов
- 2023 · Жел тоқтаған жер
- 2025 · №37
Спектакльдер мен фильмдердің атаулары түпнұсқа тілінде берілген.
Ынтымақтастық үшін хабарласыңыз
Фильмге, театрға немесе коммерциялық жобаға актер іздеп жүрсіз бе? Бізге жазыңыз, егжей-тегжейін талқылайық.