ŞAM Academy · Teens · 14–17 жас
Рөл және камера
Рөлмен жұмыс, монолог пен диалог, импровизация, камера алдындағы сынама. Мамандықты байқап көргісі келетіндерге.
Кімге арналған
Курстан кейін не істей аласыз
Сахна немесе экран туралы ойлап жүрген, бұл жұмыстың шын мәнінде қандай екенін білгісі келетін жасөспірімдерге.
- 01Берілген жағдайдан рөл құрады
- 02Монолог пен серіктеспен сахнаны орындайды
- 03Камера алдында жұмыс істейді: ірі план, сынама, self-tape
- 04Мамандықтың адамнан не талап ететінін түсінеді
Бағдарламаның ішінде
Оқу неден тұрады
- 01
Рөл
Берілген жағдай, оқиға, әрекет.
- 02
Мәтін
Қазақ прозасы мен драматургиясынан монолог пен диалог.
- 03
Камера
Ірі план, сынама, self-tape.
- 04
Импровизация және ансамбль
Серіктесті есту және бір топ болып жұмыс істеу.
Педагогтар
Сабақты ŞAM актерлері мен режиссері жүргізеді
Оқу қалай өтеді
Өтінімнен сахнаға дейін
Алты қадам. Сабақтар Алматыдағы залда өтеді; онлайн – тек қосымша.
- 01
Өтінім
Өтінім қалдырасыз немесе WhatsApp-қа жазасыз. Біз хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береміз.
- 02
Танысу
Педагог оқушымен танысады, жасы мен деңгейіне қарай топ таңдаймыз. Талапкерлер тыңдаудан бастайды.
- 03
Сабақтар
Залда, аптасына екі-үш рет, тұрақты топта.
- 04
Ашық сабақ
Ата-аналар мен жақындар жұмыстың барысын көреді.
- 05
Көрсетілім
Курс сахнада, көрермен алдында және ŞAM Academy сертификатымен аяқталады.
- 06
Одан әрі
Academy-дің келесі бағдарламасы; 18 жастан бастап – ŞAM Casting-тегі профиль.
Бір сабақ
Сабақ неден тұрады
- 01Бой жазу Дене мен назар: келеміз, қосыламыз, топқа айналамыз.
- 02Дауыс пен сөз Тыныс, дикция, мәтін.
- 03Этюд немесе сахна Негізгі бөлім: байқаймыз, қайталаймыз, әрекетті іздейміз.
- 04Талдау Педагог ненің шыққанын және үйге не алып кететініңізді айтады.
Одан әрі
Мамандық сіздікі болса
Өнер оқу орнына түсуді шешкендер талапкерлер бағдарламасына өтеді: репертуар, вокал, би және сынақ емтихан.
Бағдарлама сандармен
Кесте және баға
Сабақтар қазақ тілінде, Алматыдағы залда өтеді. Күндер мен уақыт топ жиналғанда нақтыланады.
- Топтар
- 14–15 және 16–17 жас
- Кесте
- Аптасына 2 рет, 2 сағат
- Топ
- 12 адамға дейін
- Нәтиже
- Спектакль және қысқа фильм
- Айына
- 8 сабақ × 2 сағ · 16 сағат
- Баға
- 504 000 ₸ айына
ŞAM Academy
Басқа бағдарламалар
- Kids8–13 жас
Ойын, сөз, қозғалыс
Театр ойындары, сахна тілі, қозғалыс, этюд. Бала топпен жұмыс істеуді, көпшілік алдында сөйлеуді және сахнаға қорықпай шығуды үйренеді.- Театр ойындары
- Сөз
- Қозғалыс
- Этюд және спектакль
- Талапкер15 жастан
Шығармашылық емтиханға дайындық
Өнер академиясына, өнер университетіне және колледжге түсетіндерге. Төрт блок: актер шеберлігі, сахна тілі, вокал, би. Оқу орнының форматындағы сынақ емтихан.- Актер шеберлігі
- Сахна тілі
- Вокал
- Би және сынақ емтихан
- Ересектер18 жастан
Актер шеберлігі: негізгі курс
Сахнаны да, өзін де танығысы келетіндерге. Дене, дауыс, назар, серіктес, мәтін. Үш айдан кейін – көрермен алдындағы көрсетілім.- Тренинг
- Дауыс пен сөз
- Серіктес
- Сахна
ŞAM Casting
140+актер базада
Оқудан кейін – нарық
ŞAM Casting – кино, сериал, театр және жарнамаға арналған актерлер базасы; онда Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлері бар. Academy түлегі 18 жастан бастап осы базаға кіреді: продюсерлер актерді осы жерден іздейді.