Серіктестер мен инвесторларға
Өнерге салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция
ŞAM – театр, кино және медиа саласында ауқымды жобалар жасайтын тәуелсіз театр, продакшн үйі және мәдени алаң. Қазақ мәдениетін дамыту және жаңа таланттарға жол ашу үшін брендтермен, қорлармен және жеке инвесторлармен жұмыс істейміз.
Өнерді қолдау – жай ғана көмек емес, тарихта із қалдыру мүмкіндігі.
Мәдениет ұрпақты қалыптастырады. Біз оны бірге жасаймыз.
Өнер – тек спектакльдер мен фильмдер емес. Ол адамның ойлауын қалыптастырып, шабыт беріп, қоғамды өзгертетін құрал.
Тәуелсіз өнер
Жаңа театр қойылымдары, кино және продакшн жобалары.
Білім және таланттар
Жас актерлер, режиссерлер мен музыканттар өз идеяларын жүзеге асырады. Бізде 112 студент тәжірибеден өтті.
Қазақ мәдениеті – әлемге
«№37» Канн кинорыногында (Marché du Film) және TVCO арқылы әлемдік прокатта.
Әлеуметтік ықпал
Маңызды тақырыптарды көтеріп, адамдардың ойлауын өзгертетін спектакльдер мен фильмдер.
- Театр көрермені
- 100 000+
- Кино көрермені
- 350 000+
- Қаралым
- 20 млн+
- Орташа толымдылық
- 98%
Біз театр, кино және мәдени іс-шаралар жасаймыз
Үлес қосқысы келетіндерге арналған қарапайым қадамдар
- ХабарласыңызБізбен қалай жұмыс істегіңіз келетінін айтыңыз.
- Егжей-тегжейін талқылаймызЖобаны, шарттарды және қатысу деңгейін бірге таңдаймыз.
- Келісімге қол қоямызБарлығы жазбаша рәсімделеді.
- НазардаСіз қолдаған жобада брендіңіз немесе есіміңіз көрсетіледі.
- Бас демеушілік
Ірі театр және кино жобаларын қолдау.
- Медиа серіктестік
Мәдени бастамаларды насихаттау.
- Жобаны қаржыландыру
Нақты қойылымға немесе фильмге инвестиция.
- Жеке меценаттық
Өнерді жеке қолдау.
Бұл компаниялар мәдениетке инвестиция салып үлгерді
- Jusan
- Freedom Ticketon
- Shoqan
- Steppe Awards
- TVCO
- Nomad Stunts
- AbayOmar Design
Сіздің жобаңыз – біздің іске асыру. Жұмысқа кірісейік.
Концепциядан нәтижеге дейінгі бүкіл процесті өз мойнымызға алуға дайынбыз. Хабарласыңыз, жобаңызды талқылайық.