ŞAM Studios – Алматыдағы тәуелсіз мәдени студия
Тәуелсіз мәдени студия
Алматыдағы тәуелсіз мәдени студия. 2022 жылы сахнада дүниеге келіп, авторлық идеяларды театрға, киноға, музыка мен медиаға айналдырамыз.
ŞAM TOUR 2026–2027 · V маусым
Қазір сахнада
Бесінші маусымның гастролі: «№37» және «Екеуміз жайлы» Қазақстанның 17 қаласында, KÖSH – Алматы мен Астанада. Әр қаланың нақты күндері, залы мен билеттері сатылым ашылғанда жарияланады.
Барлық күндерŞAM TOUR · 4 көрсетілім
Павлодар
№37 · Екеуміз жайлыКүндері мен залы кейін жарияланады
ŞAM қысқаша · Алматы · 2022 жылдан бері
Сахнада туған тәуелсіз студия.
ŞAM – Алматыдағы тәуелсіз мәдени студия. Ол 2022 жылғы 4 қыркүйекте ŞAM театры ретінде басталды: театрдың негізін актерлер Асан Мажит пен Еркебұлан Дайыров режиссер Фархад Молдағалимен бірге қалады. Алғашқы премьера – «№37» спектаклі он үш қалада гастрольде болып, оны 80 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Төрт жылда ŞAM толық циклді студияға айналды. Театр Қазақстанда бұрын қойылмаған шығармаларды қазақ тілінде сахналайды. «№37» сахнадағы құрамымен көркем фильмге айналып, 2026 жылғы Канннан кейін TVCO арқылы бүкіл әлемде таратылады. Сахна төңірегінде музыкалық бірлестік, деректі жоба, талант агенттігі, продакшн және іс-шара қызметтері, жаңа буынға арналған зертхана пайда болды.
ŞAM – авторлық идеяларды мәдени өнімге айналдыратын студия
ŞAM сандармен
Театр көрермені2022 жылғы алғашқы премьерадан бері залда отырған көрермен
Кино көрермені«№37» фильмін Қазақстан кинотеатрларында көрді, прокаттағы табысы 660 млн ₸
Жыл сахнада2022 жылғы 4 қыркүйектен бері
ҚойылымТеатр репертуарында
КөрсетілімҚазақстан бойынша
ҚалаГастроль географиясы
ТолымдылықӘр көрсетілімде орта есеппен
ҚаралымБіздің арналарда
Сегіз бағыт, бір команда
ŞAM – бұл
- 01ТеатрРепертуар№37 · Иран конференциясы · Екеуміз жайлы · KÖSH
- 02КиноКөркем фильм«№37»: 350 000+ көрермен, Канн 2026, TVCO арқылы бүкіл әлемде
- 03МузыкаБірлестікTOBE және ARShAT: 5 альбом, 100+ концерт
- 04МедиаДеректі жобаBELGI: дала, әр маусымда бір өңір
- 05ТаланттарАгенттікSham Talents: 16 актер, режиссер, музыкант
- 06ПродакшнТолық циклИдеядан дайын өнімге дейін
- 07Іс-шараларТікелей өнерПремьералар, гастрольдер, концерттер, бренд кештері
- 08UYAЗертхана112 студент, 2 жаңа театр
ŞAM-ға жарық сыйлайтындар
Sham Talents пен ŞAM театрының он алты артисі. Шығармашылық жолын, марапаттарын көру және шақыру үшін профилін ашыңыз.
Көбірек көру үшін жылжытыңыз
Театр · Кино · Медиа
Таңдаулы жобалар
Бір тәуелсіз команда жасаған театр, кино және деректі жобалар. Актерлік құрамды, оқиғаны, фотолар мен баспасөзді көру үшін жобаны ашыңыз.
Мұрағатты ашуБіз туралы жазды
Баспасөз не жазады
2022 жылдан бүгінге дейін 16 мақала мен шолу, сондай-ақ теледидар мен радио.
Барлық жарияланымдарПродакшн
Толық өндірістік цикл: театр, кино, деректі жобалар, музыка және іс-шаралар – идеядан көрерменге дейін.
Театр
ŞAM театрының тарихы, репертуары, труппасы, марапаттары және театр ережелері.
Таланттар
Сахна мен экран адамдары: әр артистің өмірбаяны, шығармашылығы және шақыру тәртібі.
Бізбен бірге мәдениет жасайтын серіктестер
- Jusan
- Freedom Ticketon
- Shoqan
- Steppe Awards
- TVCO
- Nomad Stunts
- AbayOmar Design
Байланыс
Жоба бастау
Фильм, гастроль, бренд іс-шарасы, бірлескен өндіріс, кастинг немесе топқа билет. Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен жазыңыз: ең жылдамы – WhatsApp.
Барлық байланыстар мен әлеуметтік желілерХабарламаңыз дайын
Оны WhatsApp арқылы немесе info@shamstudios.kz поштасына жіберіңіз.